Page 62 - 8 Наурыз
P. 62
КӘРІМОВА ЖАНАР МҰРАТҚЫЗЫ
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан
облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
Мемлекеттік қызметтегі өтілі 25 жыл.
1965 жылы Семей облысы Ақсуат ауданы Ойшілік ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Семейдің ет және сүт өнеркәсібі
технология институтың инженер-экономист мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1987 жылы Семей облысы Шульбинск кентінің «Иртышгэсстрой» Құрылыс басқармасының бухгалтерлік есеп бойынша
экономисі болып бастан. Кейінен Баженово ауылының Ново-Баженов шаруашылық есеп сауда кәсіпорнының экономисі, Глубокое
кентінің «Отрар» АҚ Иртыш полиметалдық комбинатының бухгалтерлік есеп бойынша экономисі, Шығыс Қазақстан облыстық Ауыл
шаруашылығы және азық-түлік басқармасының әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау бөлімінің жетекші экономисі болып жұмыс
атқарды.
1999 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының Статистика басқармасының халық санағын жүргізу бөлімінің түзету экономисі,
ШҚО ақпараттық–статистикалық орталығының еңбек, әлеуметтік статистика бөлімінің экономисі, Өскемен қалалық Статистика бөлімінің
әлеуметтік сала статистикасы секторының бастығы, ШҚО Статистика басқармасының тіркелімдер жіргізу бөлімінің бастығы, тіркелімдер
басқармасының басшысы болып қызмет атқарған. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар
агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқаруда.
2022 жылдан бастап департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын орындайды.
Марапаттары мен наградалары:
✓ 2002 жылы ШҚО ақпараттық-статистикалық орталығының Мақтау қағазымен;
✓ 2009 жылы облыстық Статистика департаментінің құрылуына 70 жыл толуына байланысты ШҚО Статистика департаментінің Мақтау
қағазымен;
✓ 2010 жылы статистикада көп жылғы жемісті еңбегі үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімінің граматосымен;
✓ 2010 жылы ҚР Статистика агенттігінің Құрмет грамотасымен;
✓ 2012 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің «Қазақстан Республикасының Статистика үздігі» төс белгісімен;
✓ 2012 жылы ҚР Статистика агенттігінің Құрмет грамотасымен;
✓ 2015 ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрмет грамотасымен;
✓ 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Алғысымен;
✓ 2020 жылы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының Грамотасымен;
✓ 2024 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Грамотасымен марапатталған.