Page 103 - 8 Наурыз
P. 103
ИСКАКОВА НАЗГУЛЬ АСКЕРОВНА
Ұлан аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және
кадр жұмысы бөлімінің басшысы
Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі - 33 жыл;
1964 жылы 19 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Никитинка ауылында дүниеге келген. 1985 жылы
Павлодар қаласындағы политехникалық техникумды бітірген. 1998-2001 жылдары Алматы экономика және статистика
институтында «Экономика» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Еңбек жолын 1981 жылдың тамыз айынан бастап Ұлан аудандық байланыс торабының телеграфисі болып бастады. 1985
жылғы сәуірден 1985 жылғы маусымға дейін Никитинка сүт совхозында жұмысшы, 1985 жылғы маусымнан 1985 қыркүйек айына
дейін Никитинка май зауатында лаборант болып жұмыс істеді. 1985 жылғы қыркүйектін 1986 жылғы мамыр айына дейін Ұлан
аудандық ауылшаруашылық техника өндірістік бірлестігінде инженер-диспетчер, 1986 жылғы мамырдың 1988 жылғы қыркүйек айына
дейін Ұлан аудандық агроөнеркәсіптік бірлестігі өндірістік жөндеу кәсіпорнында инженер –технолог, 1988 жылғы қыркүйектін 1992
жылдын сәуір айына дейін Ұлан аудандық материалдық-жабықтау агроөнеркәсіптік бірлестігінде аға-инженер болып қызмет атқарды.
1992 жылғы сәуір айынан 1994 жылғы ақпан айына дейін Ұлан аудандық халық депутаттардың Молодежный кенттік кенесінің іс
басқарушы, 1994 жылғы ақпаннан 1997 жылғы шілде айына дейін Молодежный кентінің әкімшілігінің іс басқарушы, 1997 жылғы
шілде айынан 2007 жылғы қазан айына дейін Молодежный кент әкімінін ММ-де іс басқарушы-бас маман. 2007 жылғы қараша айынан
2015 жылғы маусымға дейін Ұлан аудандық мәслихат аппаратынын ММ-де бас маман, 2015 жылдың шілде айынан Ұлан аудандық
мәслихат аппаратының ММ-де ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады.
Марапаттары мен наградалары:
✓ Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік қызметкерлерінің құрмет кітабіне енгізілген,
✓ «Шығыс Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медальімен және алғыс хаттармен, грамоталармен марапатталған.