Page 107 - 8 Наурыз
P. 107
ПАНИНОВА АЙНҰР САЙРАНХАНОВНА
Катонқарағай аудандық мәслихатының бас маманы
Мемлекетік қызметтегі еңбек өтілі-18 жыл
1982 жылы 1 қаңтарда Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2000 жылы
Катонқарағай ауылы Ленин (қазіргі С.Ластаев) атындағы орта мектепке, аудандық білім беру бөлімінің жолдамасымен
информатика пәнінің мұғалімінен бастаған.
2001 жылы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжіне оқуға түсіп, 2004 жылы «Қазақ тілі және әдебиет пәнінің
мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтадым.
2004 жылдан қысқартуларға байланысты жұмыспен қамту орталығы арқылы әр түрлі салада: ауылдық әкімшілікте бас
мамандардың көмекшісі, әскери есепке алу маманның көмекшісі және статистика саласында қоғамдық жұмыстар
атқарған.
2005-2007 жылдары Катонқарағай ауылы Рыков атындағы орта мектепте, мультимедиялық кабинеттің меңгерушісі,
информатика пәнінің мұғалімі және физика кабинетінің лаборанты қызметтерін атқарған.
2008-2012 жылдары Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде әлеуметтік қызметкер;
2012 – 2015 жылдары Катонқарағай ауылдық округінде шаруашылық кітаптарды жүргізу бойынша штаттан тыс маман
ретінде жұмыс атқарған;
2015 - 2018 – Катонқарағай аумақтық жалғыз басты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы әлеуметтік
көмек көрсету орталығында әлеуметтік қызметкер;
2018 – 2020 - жылдары Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар
бойынша штаттан тыс маман ретінде қызмет атқарды.
2020 – 2024 жылдары Катонқарағай ауылдық округінде мемлекеттік қызметке өтіп жетекші маман лауазымында жұмыс
атқарды.
2024 жылдың маусым айынан бастап, бүгінгі күнге дейін Катонқарағай аудандық мәслихатының бас маманы қызметін
атқарып келеді.