Page 23 - 8 Наурыз
P. 23
ҚОРАБАЕВА МАЙРА БЕКЕНҚЫЗЫ
Зейнеткер
1955 жылы 1 маусымда ШҚО Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 1981 жылы алматы
қаласындағы «Қыздар педагогикалық институтында» тарих пен қоғамтану пәнінің мұғалімі мамандығын аяқтады.
1972-1981 жж. ШҚО, Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылы «Абай орта мектебі» КММ-де аға пионер
вожатый болып қызмет атқарды. 1981-1994 жж. ШҚО, Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылы, Қарабұлақ селолық
Советінде хатшы болып қызмет атқарды. 1994-2005 жж. ШҚО, Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылы «Қарабұлақ
ауылы әкімінде» іс басқарушысы болып қызмет атқарды.
2005 жылдан 2013 жылы зейнеткерлікке шаққанға дейін ШҚО, Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылы
«Қарабұлақ ауыл округінде» бас маман болып қызмет атқарған.
Қорабаева Майра Бекенқызы ұзақ жылдары бойы Қарабұлақ ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық
дамуына сүбелі үлес қосты. Жас мамандарға тәлімгер болып өзінің тәжірибесімен үнемі бөлісіп отырады.