Page 27 - 8 Наурыз
P. 27
САКПАНОВА БАГДАУЛЕТ КАЛИЯКПЕРОВНА
Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі - 22 жыл, зейнеткер
1961 жылы дүниеге келген. 1984 жылы Өскемен педагогикалық институтын «орыс тілі және әдебиет мұғалімі»
мамандығы бойынша, 1999 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1982 жылдың тамыз айында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Дарственное ауылының толық емес
орта мектебінің орыс тілі және әдебиет мұғалімі лауазымын атқарудан бастаған.
2000 жылдың тамыз айында Шығыс Қазақстан облыстық сотының сот отырысының хатшысы лауазымына тағайындалған.
2006 жылдың желтоқсан айынан бастап Шығыс Қазақстан облыстық сотының бас маманы қызметін атқарған.
2011 жылдың қаңтар айынан бастап Шығыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің бақылау және құжат айналымы бөлімінің
бас маманы,
2014 жылдың шілде айынан бастап Шығыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің құжаттамалық қамтамасыз ету
басқармасының бас маманы қызметтерін атқарған.
2016 жылдың ақпан айында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің ішкі қауіпсіздік және соттардағы
сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалған.
2016 жылдың қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің құжаттамалық қамтамасыз ету
басқармасының бас маманы қызметіне тағайындалып, зейнеткерлік жасқа толуына байланысты 2022 жылдың 31 тамызынан
бастап атқаратын қызметінен босатылды.
Марапаттары мен наградалары:
✓ 2005 жылдың наурыз айында Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының Алғыс хатымен;
✓ 2011 жылы Шығыс Қазақстан облыстық сотының кеңсе басшысының Құрмет грамотасымен;
✓ 2019 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының Судьялар одағының Алғыс хатымен;
✓ 2020 жылдың желтоқсан айында ҚР Сот Әкімшілігі басшысының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу
қарсаңында сот жүйесінде ұзақ жылдар бойғы еңбегімен лауазымдық міндеттерін адал орындап, сот жүйесінің дамуына
қосқан үлесі үшін III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған.