Page 3 - Мұғалім туралы жалпы мәлімет
P. 3
Гульмира Минджановна, 31 жыл бойғы ұстаздық қызметінде
мол тәжірибе жинақтап, теориялық білімін, әдістемелік
шеберлігін ізденісімен ұштастырып, нәтижелі жетістіктерге
жете білді. Оған дәлел - 2002 жылғы «Тілші мұғалімдер»
олимпиадасының қалалық, облыстық І орын жүлдегері мен
2006 жылғы «Жыл мұғалімі-2006» байқауының қалалық,
облыстық кезеңдері бойынша бас жүлдегері, республикалық
номинанты атануы. Бұл байқауларда ол теориялық білімімен
қоса, кәсіби біліктілігі мен шеберлігі арқасында сабақта
тиімді жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдануымен, оқушылармен
коммуникативтік әрі сенімді қарым-қатынас қалыптастыра
білуімен әріптестерін өзіне тәнті етті.