Page 5 - Мұғалім туралы жалпы мәлімет
P. 5
2020 жылдан бастап, Гульмира Минджановна, еңбек жолын қаладағы
«Дарын» мектеп-лицейінде жалғастыруда. Жоғары санатты, педагог-
зерттеуші, білікті ұстаз, терең теориялық білімі мен мол тәжірибесін өз
әріптестерімен үнемі бөлісіп отырады. Ұлағатты ұстаз және білікті маман
ретінде әрқашан да өз әріптестеріне сыйлы, ұжым арасында беделді,
оқушыларының сүйікті ұстазы.
2020 жылдан бері қаладағы «Дарын» мектеп-лицейінде атқарған еңбек
жолында оқушылары тарапынан төмендегідей жетістіктерге жетті:
Жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының қалалық пәндік
олимпиадасында 2020 жылы бойынша 5 сынып оқушысы- Ерғали Бағдаулет ІІ
орынды, 2021 жылы бойынша 9 сынып оқушысы-Қадырмағамбет Меруерт ІІ
орынды, 2022 жыл бойынша 10 сынып оқушысы Қадырмағамбет Меруерт ІІІ
орынды, 9 сынып оқушысы Жаңғабыл Нұрәлем І орынды, 11 сынып оқушысы
Умирбекова Аяулым ІІ орынды, 2023 жыл бойынша 9 сынып оқушысы
Көптілеуова Ақжайна ІІ орынды иеленді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының облыстық
пәндік олимпиадасында 2022 жыл бойынша 9 сынып оқушысы Жаңғабыл
Нұрәлем ІІІ орынмен марапатталды.