Page 23 - Оку сауаттылығы 9 сынып
P. 23

4- тапсырма.  Сөйлемді толықтырыңыз.
               Балаңды беске дейін ... күт, он беске дейін ... жұмса, он бестен

               кейін ... сыйла.
               A) құрбыңдай, құлыңдай, патшадай
               B) досыңдай, құлыңдай, теңдесіңдей

               C) билеушіңдей, құлыңдай, теңдесіңдей
               D) патшадай, теңдесіңдей, құрдасыңдай


               5- тапсырма.Мәтіннің негізгі идеясын сақтай отырып,
               жинақы мәтін жазыңыз.













               12-МӘТІН. ДОСТЫҚ УАҚЫТПЕН  СЫНАЛА МА?
                      Уақыт біздің еншімізде емес. Зулап өте шыққанда, жаныңда

               қандай  жандар  қалатыны  белгісіз.  Осы  ретте  досты  уақыт
               танытады деген сөздің жаны бардай.
                      Мектеп  қабырғасын  имене  аттағанда,  сыныптағы  баланың
               бәрі бөтен болатын. 11 жыл бір шаңырақ астында оқыған соң, бір

               үйдің  баласындай  болып  кетеді.  Адам  өмірі  пойыз  секілді,  ол
               жанына жақындарын әр бекеттен мінгізіп алады, уақыты келгенде
               өз бекетіне қалдырады. Ата-ана, туыс-бауырды таңдай алмайсың,

               бірақ досты таңдайсың. Бұл — заңдылық. Дос өзгелер арасында
               дараланып тұрады.
                       Достықты                     кім                қалай                  түсінеді?
               Огайо  Университетінің  Уильям  Ролинз  есімді  профессоры  осы

               мәселені зерттеген екен. Әртүрлі жастағы адамдарға бірдей сұрақ
               қойып,  сараптама  жасапты.  14  жастағы  жасөспірім  мен  егде
               тартқан қарияның дос туралы пікірі бірдей болып шыққан екен.

               Олар:  "Дос  —  жаныңа  жақын  адам"  депті.  Бірақ,  сипаттау
               жағдаяттары әртүрлі. Жасөспірім "сабақ орындамағанда




                                                           25
   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28