Page 24 - Оку сауаттылығы 9 сынып
P. 24
көмектеседі" десе, қария "соғыста мені жаудан арашалаған" деген
екен.
Жастың достыққа әсері бар ма? 20-24 жас аралығындағы
адамдар орта есеппен бір аптаның 10-25 сағатын достарымен
өткізеді екен. Сонымен қатар, олар сыныптастар, топтастар,
әріптестер деген секілді белгілі бір топтарға бөлініп жүреді. Осы
топтың ішінен де адам өзіне етене жақынын даралап алады.
Есейгенде "компания" деп аталатын топ "ашып алады" екен.
Бала кезде "Әсел, ойнауға шығасың ба?" деп немесе "Сұлтан,
кеттік, қуыспақ ойнаймыз" деп шақырып алып кеткеннен анаңыз
сізді үйге әзер кіргізген болар. Бірақ уақыт өте келе сол достармен
араларыңыз алыстап бара жатқанын байқамауыңыз мүмкін.
Өйткені таным өзгереді.
Әлеуметтік желі достықтың көпірі емес.Қазір технология
заманы орнағандықтан, жақын достардың аман-
саулығын әлеуметтік желі арқылы білісеміз. Алайда, бұл достық
деп есептелмесе керек. Туған күн, мерекеде құттықтау жазып,
суреттеріне "ұнайды" белгісімен лүпіл басу танымайтын
адамдардың да қолынан келетін ісі. Ал сіз достықты мұнымен
шектемеңіз. Сіз досыңызға рухани сыйлық жасаңыз. Оның
жанынан табылатыныңызды танытыңыз.
Ақпарат дереккөзі:
https://massaget.kz/okushyilarga/jogargyi_syinyip/34607/
1- тапсырма.Мәтін мазмұны бойынша адам өміріне
теңестірілген зат немесе құбылысты табыңыз.
А) мектеп
В) поезд
С) машина
Д) топ
2- тапсырма. Қай топ өкілдерінің достық туралы пікірлері
бірдей болып шыққан?
А) 12 жастағы жасөспірім мен егде тартқан қария
В) 24 жас аралығындағы адамдар мен егде тартқан қария
С) 14 жастағы жасөспірім мен егде тартқан қария
Д) 20 жас аралығындағы адамдар мен егде тартқан қария
26