Page 10 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 10

 мүше болуы аса маңызды жағдай. Елімізде, Астана қаласында, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ның саммиті өтті. Саммит 1-2 желтоқсн күндері өтті, оған 38 мемлекеттің басшылары, шенеуніктері жəне бірнеше халықаралық ұйым өкілдері қатысты.
 Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен сенімге негізделген тату көршілік қатынас орнатуға тырысады.
Тапсырмалар:
1. Берілген мəтін бойынша сұрақтар құрастырып, жұптық жұмыс жасаңыз.
2. Мына сөздердің орысша баламаларын жазыңыз.
Халықаралық ынтымақтастық – Үдеріс –
ЕҚЫҰ –
БҰҰ –
Халықаралық ұйым –
Халықаралық Еуропалық даму жəне қайта құру банктері –
3. Қазақстанда өткізілген саммит, ұйым жиналысы немесе екі мемлекет басшысының кездесіне баспасөз баянын (пресс релиз) жазыңыз. ( 10 сөйлемнен кем емес)
7-сабақ
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары
Саяси ғылымда негізгі орын алатын жəне өте зор мəселелердің бірі – жеке адамның құқығы мен бостандығы. Жеке адамның құқығы деп кісіге белгілі игілік алуды қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастарын айтады. Жеке адамның бостандығына кісіге өз білгенінше істеуге мүмкіндік беретін, мемлекет пен адамдардың арақатынасының принциптері жатады.
Бұл мəселеге адамдар өте ертеде назар аударған болатын. Ежелгі грек философтары барлық адамдар дүниеге келгенде тең болып туады, сондықтан олардың бəрінің де тең табиғи құқығы бар деген ойды өрістетті. Аристотель болса саяси құқықты табиғи жəне шартты құқық етіп екіге бөлді. Ол табиғи құқықты мемлекет орнатқан құқықтан жоғары қойды. Табиғи құқық шартты құқыққа үлгі болуға тиіс деп санады. Себебі, шартты құқық жиірек өзгеріп отырады жəне олар үкімет жұмысы мен адамдар арасындағы келісімнің нəтижесінде пайда болады.




















































































   8   9   10   11   12