Page 9 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 9
Қазақстанда Банк жүйесі екі деңгейлі. Ұлттық банк мемлекеттің Орталық банкі болып табылады жəне Банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіне жатады, айналысқа ақша шығарады. Екінші деңгейдегі банкілерге коммерциялық банкілер жатады. Олардың міндеттері —
клиенттерге (кəсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа) түрлі қызметтер көрсету (несие беру, есеп айырысу, кассалық, валюталық, депозиттік, т. б. операциялар жасау).
Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша массасын, несиекөлемін, сыйақы (мүдделендіру)мөлшерлемесінөзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Тапсырмалар:
1. Сөйлемді аяқтаңыз.
Теңге – Қазақстан Республикасының ... Теңге ... айналымға енді.
Қазақстанда Банк жүйесі ...
Бірінші жеңгейлі банкке ... жатады. Екінші деңгейлі банктердің міндеті ...
2. Берілген сөздерді, сөз тіркестерін қолданып сөйлем құра.
Жарлық, теңге, несие, Ұлттық банк, Екінші деңгейлі банк, коммерциялық банк, қызмет көрсету.
3. «Ақша-несие саясаты» тақырыбы бойынша таныстырылым (презентация) жаса. (6-7 слайдтан кем емес)
6-сабақ
Халықаралық ынтымақтастық
Халықаралық ынтымақтастық – екі немесе бірнеше мемлекеттердің өзара іс-қимыл үдерісі. Мұнда қарулы күш қолданылмайды, туындаған мəселелерді бейбіт жолмен шешуге ден қойылады. Қазақстан бірнеше əлемдік беделді халықаралық ұйымдармен тығыз əріптестік орнатқан.
Қазақстан жекелеген мемлекеттермен сыртқы қарым-қатынасында халықаралық құқықтың көпшілік таныған нормаларын сақтауды көздейді. Сондықтан да жас мемлекет үшін БҰҰ, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) — (Еуропадағы кауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымы, Халықаралық Еуропалық даму жəне қайта құру банктері, Халыкаралық валюта қоры, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, т.б. сияқты ірі-ірі халықаралық ұйымдарға