Page 7 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 7
Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл күн Қазақстанның дербес Қарулы Күштерінің құрылған күні болды.
«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5-тарау, 18-тармағы бойынша: Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік жəне əскери объектілерді күзетуге жəне қорғауға, əуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сəйкес міндеттерді орындауға арналады.
Тапсырмалар:
1. Берілген сұрақтарға жауап беріңдер.
ҚР Қарулы күштері қай кезде құрылды?
Қазақстан Республикасының əскери құрылымына не кіреді?
2. Ой алмасу.
Қазақстан Республикасының əр азаматы өз елін, жерін қорғау керек. Ал сіз еліңізді қорғау үшін не істей аласыз?
3. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып, мақал-мəтелдің мағынасын ашыңыз:
а) Отан үшін күрес -
Ер... тиген үлес.
ə) Отан... берік болса, жау... алмайды.
4-сабақ
Экономикалық жүйе. Ішкі жəне сыртқы сауда.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттерде сауданы екіге бөлу көзделген, біріншісі — сыртқы сауда, ал екіншісі — ішкі сауда. Халықаралық тəжірибеге назар аударсақ, мұндай бөлу көзделмеген. Батыста ішкі сауданы сатумен байланыстырады.
Дегенмен сыртқы сауда тұрғысынан Дүниежүзілік Сауда Ұйымының жылдық есебінде əлемдік деңгейде сауданың ықпал етуіне лайықты баға берген. Мысалы халықаралық сауданың əлемдік ЖІӨ- ге ықпал етуі айтылған — егер əлемдік тауарлар мен қызметтер бойынша экспорт пен