Page 5 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 5
2. Дұрыс жауапты табыңыз.
А
Ə
1 Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?
9-орында
2 Жер аумағы жағынан əлем бойынша нешінші орында?
Қытай, Қырғыстан, Өзбекстан, Ресей жəне Түркіменстанмен шектеседі
3 Қазақстанның аумағы қанша?
2724,9 мың км.
3. Мəтінді оқыңыз. Берілген сөйлемдердің дұрыс немесе бұрыстығын “+” жəне “-” белгілерін қою арқылы анықтаңыз.
• [
• [
• [
• [ асты.
] Қазақстанда 15 облыс бар.
] 130 ұлт өкілі тұрады.
] Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 13374 км.
] Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге
2-сабақ
Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот.
Қазақстан Республикасы — президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет. Атқарушы билікті президент басқарады, ол 40 жастан асқан, Республика аумағында соңғы 15 жыл тұрған жəне мемлекеттік тілде еркін сөйлей алатын азаматтыры арасынан 5 жылға сайланады.
Президент — мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы лауазымы, елдің ішкі жəне сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейді, барлық билік органдарының келісімді қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар президент Қазақстан Қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшысы болып табылады.
Атқарушы билікті Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарады. Оның басында парламенттің келісімімен президент тағайындайтын премьер-министр тұрады. Ол атқарушы органдар жүйесін басқарады жəне олардың қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.
Ең жоғарғы заң шығарушы орган — парламент, ол екі палатадан тұрады — Сенат пен Мəжіліс. Сенаттың қызмет ету мерзімі – 6 жыл, оны жарты құрамы əрбір 3 жыл сайын қайта сайланып тұрады. Сенаттың 47 мүшесінің 32-сі облыстардың, Республика астанасы мен республикалық