Page 3 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 3

 Алғысөз
 ХХІ ғасырда қазақ тіліне деген сұраныс өсті. Қоғамда кез келген
 адам орыс тілінде емес қазақ тілінде тілдесімге түсуге құқылы. Сондықтан жұмыспен қамтамасыз ету орындарында қазақ тілін білмейтін
 мамандардың болашағы бұлыңғыр болмақ. Ал ЖОО-ның міндеттерінің бастысы – бакалавр дəрежесін алып шыққан студентті жұмыспен қамтамасыз ету. Қазақ тілін білмей келісімшарттар жасауға, əлеуметтік мəселелер төңірегінде жұмыс істеуге, тіпті мектеп қабырғасында сабақ беруге де мүмкін болмай қалуы ғажап емес. Соған сай, бүгінгі таңда ЖОО-ның алдында өмірдің кез келген қырына дайын, бəсекеге қабілетті студент дайындау міндеті тұр. Ал бұл міндет өз кезегінде қазақ тілінмен
 тікелей байланысты. Оқулық осы мақсатта дайындалды.
 Оқу орыс тлінде жүргізілетін барлық мамандықтың 1-курс студенттеріне арналған «Қазақ тілі» оқулығы міндетті компонент ретінде танылатын қазақ тілі пəніне арналған.
Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Əл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті əзірлеп ұсынған жалпы білім беру пəндері бойынша пəндердің типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалды. Аталмыш бағдарлама республикалық оқу-əдістемелік жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кеңесінің 2016 жылғы 30 маусымдағы мəжіліс хаттамасының шешімімен бекітілген жəне жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім жəне халықаралық ынтымақтастық департаментінің 2016 жылғы 07 шілдедегі No14-4/1134 хатымен іске қосылған.
1-курс студенттері ЖОО-ға дейінгі білім беру мекемелерінен келгені ескеріле отырып, тақырыптар мен тапсырмалар құрастыру кезінде қазақ тіліндегі тілдесім негіздерін қалыптастыру мақсатында оқулық тек қазақ тілінде жазылды. Оқулықтағы тапсырмалар студенттердің оқу жүйесіне негізделіп 4 модульге бөлінді. 1-модуль 7 лексикалық тақырыпты қамтыса, 2-модуль 8 лексикалық тақырыппен берілген. Əр тақырыптың соңында мəтінге арналған түрлі тапсырмалар, тыңдаушының өзін тексеруге арналған сұрақтар, сөзжұмбақ, логикалық бақылау тапсырмалары берілген. 3-4-модуль де осы жүйеге негізделген.
Оқулықта студентті сергітіп отыруға арналған түрлі бағыттағы тапсырмалар да алынды. Ондағы мақсат дəстүрлі білім беру жүйесімен шектелмеу.
Оқулықтың соңында таза грамматикалық тақырыптар мен пайдалануға ұсынылатын əдебиеттер орын алды.
Құрастырушыдан
























































































   1   2   3   4   5