Page 4 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 4

 1-МОДУЛЬ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІРІ
 1-сабақ
Қазақстанның əлеуметтік-географиялық орны, əлеуметтік əкімшілік бөлінісі. Елорда.
Қазақстан – Еуразия құрлығында орналасқан мемлекет. Аумағы 2724,9 мың км2-ге тең. Жерінің көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Ресей, Канада, Қытай, АҚШ,
 Брази-лия, Аустралия, Үндістан жəне Аргентинадан кейін 9-орын алады.
Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 13394 км, теңізбен (Каспий) 2000 км-ден астам. Қазақстан батыста, солтүстік-батыста жəне солтүстікте 7591 км Ресеймен шектеседі. Республиканың Алтайдан Тянь- Шаньға дейінгі 1782 км-ге созылып жатқан шығыс шекарасы Қытай Халық Республикасымен арадағы мемлекеттік шекараға сай келеді. Ал оңтүстігінде тəуелсіз дос мемлекеттер: Түрікменстанмен - 426 км, Өзбекстанмен - 2354 км жəне Қырғызстанмен - 1241 км шектеседі.
Қазақстанда 14 облыс, 87 қала бар. Қазақстанның ірі қалалары: Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе. Ал көне қалалары: Түркістан, Тараз, Алматы.
Қазақстан Республикасының астанасы – Астана. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «Əлем қаласы» атағын алды.
Тапсырмалар:
1. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
1. Қазақстан 5 ________ шектеседі.
2. Қазақстанда ________ облыс бар.
3. Қазақстан ________ Ресеймен шектеседі.
    Мемлекетпен, он төрт, батыста, солтүстік-батыста жəне солтүстікте
  




















































































   2   3   4   5   6