Page 8 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 8
импорттың əлемдік ЖІӨ-гі үлес салмағы 1995 ж. 20 % құраса, 2014 ж. нəтижесінде ол көрсеткіш 30 % өскен [1].
Сондықтан Қазақстанда сауданың төмендеуі мен өрлеуі экономикалық құлдырау мен өсуге байланысты екендігі рас. Дүниежүзілік банктың баяндамасында Қазақстан бойынша келесідей қызықты мəлімет келтірілген: 1990–2000 жж. орташа жылдық ЖІӨ 4,1 % төмендеген, 2000– 2009 жж. — 8,8, ал 2009–2013 жж. — 6,4 % өскен
Тапсырмалар:
1. Берілген сөздерді пайдалана отырып, үш сөйлем құрастырыңдар.
2. “Қазақстан экономикасы” тақырыбында өзара диалог құрыңдар. 3. Дұрыс жауапты табыңыз
Экономика экономикалық жүйе ішкі сауда сыртқы сауда
А
Ə
1 Қазақстанда сауданың төмендеуі мен өсуі неге байланысты?
8,8 пайызға артты
2 Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттерде сауданың қандай түрлері бар?
Экономикалық құлдырау мен өсуге
3 Қазақстандағы жалпы ішкі өнім 2000–2009 жылдары неше пайызға артты?
Сыртқы сауда жəне ішкі сауда
5-сабақ
Ақша-кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта.
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 ж. 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді.
Банк жүйесі - банк операцияларының бірыңғай ұлттық немесе халықаралық жүйесіне біріктірілген банкілердің жиынтығы, яғни бір- бірімен жəне сыртқы ортамен тығыз байланыстағы банкілердің жиынтығы.