Page 25 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 25
Ұлттық салт-дəстүрлер
Салт-дəстүр — əр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс- тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сəйкес ғасырлар бойы
жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері.
Қазақ халқында көптеген салт дəстүрлер мен ырымдар бар. Олар өмірдегі əр түрлі кезеңдерге, жағдайларға байланысты бөлінеді. Мысалы, бала туғаннан бастап шілдехана, тұсаукесер, сүндет той, тоқымқағар жəне т.б. салт-дəстүрлер орын алады. Отау құруға, əр түрлі мейрамдарға байланысты да салт-дəстүрлердің түрі көп.
Шілдехана – жаңа туған нəрестенің құрметіне арналған той,
шілдеханаға арнайы шақырумен де, шақырусыз да келе береді. Бұл тойда "Балаңыздың бауы берік болсын!" - деген құттықтау айтылады. Қонақтар таң атқанша домбыра тартып, өлеңдер айтады, түрлі ойын сауықтар ұйымдастырады. Жеңгендерді отбасының сый құрметіне бөлінеді. Шілдехана – баланы жын шайтаннан қорғап, күзетуден болған дəстүр. Сондықтан шілдехананы «Шілде күзет» - деп атаған.
Шілдехана өткеннен кейін, баланың əке – шешесі бесік тойын жасайды. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен қадірлі аналардың бірі əкеліп, сыйға береді. Ең алдымен бесікке салушы бесіктің өзін жын шайтандарды қуу үшін, түрлі иістерден арылту үшін отпен аластап шығады. Содан кейін көрпешелер мен жастықшаларды баптап салады. Баланы жатқызып бөлейді. Қолбау, белбеу жəне аяқ баумен тартып байлап қояды.
Баланы қырқынан шығару – сəби дүниеге келгеніне қырық күн толған кезден соң, нəрестенің «Сүт тырнағы» мен «Қарын шашын» алып теңгелер салынған ыдысқа 40 қасық су құйып шомылдырады.
Тапсырмалар:
1.
2. Мейрамдарға байланысты қандай салт-дəстүрді білесіз? 3.
18-сабақ
Тіл. Мəдениет. Өнер. Өнер шеберлері. Театр. Мұражай.
Əр абзацтың тірек сөзін тауып, сол арқылы мазмұнын айтыңыз.
Өзіңіздің отбасыңызда тойлау дəстүрге айналған күндер, іс-
əрекеттер немесе жағдайлар бар ма, болса сипаттап беріңіз.