Page 26 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 26

Мəдениет – тарихи құбылыс. Оның дəрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дəуірлердің алмасуы мəдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Мəдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары:
• мəдени əрекет,
• мəдени орта,
• мəдени игіліктер мен қажеттіліктер жəне
• мəдени ұйымдар мен ұжымдар.
Қайсыбір ұлттық мəдениетті алсақ та, ондағы салт-дəстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. Белгілі философ Иоганн Готфрид Гердер:«Салт- дəстүр, тіл мен мəдениет бастауларының анасы» - деген.
Мəдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тəсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дəстүрлер жүйесі мəдениет өзегін қүрастырады.
Мəдениеттің өзекті бөлігі — өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мəңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер əлемінсіз, қандай мəдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз.
Шынында да, өнер мөдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі — оның əсемдікке, сұлулыққа үмтылуы. Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мəдениет — адам əлемі.
Тапсырмалар:
1. Берілген мəтін бойынша үш сұрақ құрастырыңдар.
2. «Ана тілім – байлығым» тақырыбында эссе жазыңдар.
3. «Бабадан сөз қалады, Əкеден көз қалады»,- деген мақалдың
мағынасын түсіндіріңіз.
 Өздік жұмысы
       Инноваци я э мб л ем а сы
 Мəтінге қарап «Мəдениет
   əлемі жəне тіл»
  тақырыбында сұхбат
  дайындаңыз
туризмі
     2












































































   24   25   26   27   28