Page 27 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 27
«Тіл – мəдениет кепілі»тақырыбын төмендегі сурет негізінде
тарқатыңыз
Туризм рухани қажеттілік бойынша басқа бір жерге ерікті саяхаттап бару
Инновация – білім мен материалдық мүмкіндіктері
19-сабақ
Өнегелі ғұмыр: тарихи тұлға
Абылай хан – Қазақ Ордасының ханы, Қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. 1743 жылға дейін Орта жүздің сұлтаны болған. Əбілмəмбет хан қаза болған соң, Абылай Ұлы жүздің ханы болады.
Əбілмансұрдың əкесі жау қолынан қаза табады. Абылай жастайынан қиындықты көп көреді жəне Ораз құлға арқа сүйеп өседі. Ол жас кезінен- ақ отан қорғау жолында ерекше жауынгерлік қасиеттерімен танылады. Ол қашанда қанды шайқастардың бел ортасында жүреді, əсіресе жекпе-жекте ерен ерлік көрсетеді. Қалың халық бұқарасына оны əйгілі еткен ірі жеңіске ол Əбілмəмбет бастаған қазақ жауынгерлерінің жоңғарлармен болған шайқасында қол жеткізді. Бұл ұрыста 20жасар Əбілмансұр қалмақтардың қоңтайшысы Қалдан Сереннің ұлы Шарышты жекпе-жекте өлтіреді.
1743 жылы Түркістан қаласында үш жүздің хандары, сұлтандары, батырлары бір тудың астына бірігіп, Абылайды Ресми түрде Қазақ ханы етіп сайлайды. Абылай қазақ мемлекетін нығайту мен оның тəуелсіздігін сақтау жолында көп еңбек сіңірді. Ол билік құрған жылдары алғаш рет қазақтар мен қалмақтар арасында бейбіт келісім жасалды. Ресеймен, Қытаймен тату көршілік қарым-қатынас орнатылды.