Page 28 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 28
1752 жылы жоңғар басшысы Лама Доржы қазақ жеріне қарақшылық шабуыл жасағанда, Абылай хан бастаған қазақ əскері оларға ойсырата тойтарыс береді.
1756 жылы Қазақ хандығы мен Қытай мемлекеті арасында соғыс өрті тұтанып, ол 1757 жылға дейін созылды. Бұл қақтығыс та Абылай ханның арқасында бейбіт жолмен шешілді.
1765–1770 жылдары Абылай хан қырғыз ұлысына қарсы жорық бастайды, нəтижесінде мемлекет шекарасы кеңейеді. 1771жылы ол Еділ қалмақтарын талқандайды. Мемлекет шекарасы Абылай хан билік құрған кезеңде одан əрі кеңейе түсті. Халықтың рухы көтеріліп, мерейі үстем болды.
Тарихи тұлға Абылай ханның қол жеткізген жетістіктері сол кезеңде Қазақ мемлекеті өте күшті болғанын айғақтайды.
1.
1743 жылға дейін ... сұлтаны болған.
20 жасар ... қалмақтардың қоңтайшысы Қалдан Сереннің ұлы ... жекпе- жекте өлтіреді.
... жылдары Абылай хан қырғыз ұлысына қарсы жорық бастайды. Ресеймен, Қытаймен ... қарым-қатынас орнатылды.
Ол жас кезінен-ақ ... жолында ерекше жауынгерлік қасиеттерімен танылады.
2. Сəйкестендіріңіз.
3. Өзіңіз үлгі тұтатын тұлға туралы мақала жазыңыз. 20-сабақ
Табиғи ресурстар. Су ресурсы. Қазба байлық ресурстары.
Табиғи ресурстар – адамның өз мұқтажын қамтамасыз ету жəне
көздеген мақсатына жету үшін пайдаланатын қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың, табиғи денелердің жиынтығы. Оларға ауа,
Тапсырмалар:
Сөйлемдерді толықтырыңыз.
1743 жыл
Лама Доржыны ойсырата жеңуі
1765-1770 жылдар
Үш жүздің бірігуі
1756 жыл
Еділ қалмақтарын жеңуі
1752 жыл
Қытай мемлекетімен соғыстың басталуы
1771 жыл
Қырғыз ұлысына қарсы жорық