Page 29 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 29
күн, жел, су, жер, орман, табиғи құрылыс материалдары, пайдалы қазбалар жəне т.б. жатады.
Табиғи ресурстардың бірінші белгісі – олардың түрі. Бұл белгіге сəйкес олар табиғи құбылыстар (күн энергиясы, жел, мұхиттардағы су деңгейінің көтерілуі мен судың қайтымы), өсімдіктер əлемі, жануарлар əлемі, табиғи заттар (су, ауа, топырақ) жəне пайдалы қазбалар (мұнай, алтын, т.б. əртүрлі рудалар) болып бөлінеді. Сонымен қатар пайдалы қазбалар пайдалануға дайын (көмір, бағалы тастар, тұз) жəне өңдеуді қажет ететін (мұнай, синтетикалық тыңайтқыштар) болуы мүмкін.
Табиғи ресурстардың екінші белгісі – олардың қоры. Бұл белгісі бойынша оларды сарқылатын жəне сарқылмайтын деп бөледі.
Тапсырмалар:
4. Берілген тіркестерде қандай астарлы ой жатқанын
түсіндіріңдер. Нақты ой мен астарлы ойдың айырмашылығы неде?
Қайнаған су − бір қайнауы кем
− іші қазандай қайнады
Бұлақ суы − Оқу − білім бұлағы Судың қасиеті − суға салса батпайды Күллі əлемді улау − улы сөз
Судың құрылысы − судай Судың құрамы − су татиды Ауыз су − Суын сүт қып алды
5. Дұрыс жауапты табыңдар.
АТМОСФЕРА
жер ғаламшарының су қабығы
ГИДРОСФЕР А
молекулалық бос оттек бар ортада тіршілік етіп, дами алатын организмдер
РЕСУРС
қоршаған ортада бос оттегі жоқ кезде өмір сүруге жəне көбеюге қабілетті микроорганизмдер
АЭРОБТЫҚ МИКРООРГ АНИЗМДЕР
процеске немесе пайдаланушыға бөлінетін есептеуіш жүйенің логикалық немесе физикалық бөлігі
АНАЭРОБТЫҚ МИКРООРГ АНИЗМДЕР
ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе.