Page 31 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 31
2. Мəтінде қарамен белгіленген сөздердің синонимдерін тауып, синонимдік қатар құрыңдар.
3. Мəтін бойынша үш сұрақ құрастырыңдар.
• Артық болмас білгенің
Қар барысы. Барыс – Қазақстандағы ең
үлкен жабайы мысық. Саны 200-ден аспайды. Жылдан-жылға азайып Бара жатыр. Себебі – азық қорының азаюынан саны кемуде. «Қызыл кітапқа» енген, қорғауға алынған.
Ақбөкен, киік (лат. Saiga tatarica) –
жұптұяқтылар отрядының бөкендер
туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас,
дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз
жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары
плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан
Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған.
Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен
Қазақстанда ғана сақталған.