Page 32 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 32
Қарақұйрық (лат. Gazella subgutturosa) –
сүтқоректілер класының қуысмүйізділер
тұқымдасына жататын аң. Қазақстанда
Үстірт пен Маңғыстауда, Арал өңірінде,
Қызылқұм, Мойынқұм, Бетпақдаланың
оңтүстігінде, Оңтүстік Балқаш өңірінде
(Тауқұм, Сарыесікатырау) кездеседі.
Соңғы жылдары Қара Ертіс өзенінің
жағалауындағы құмдарда көрініп жүр.
Тұлғасы сымбатты, дене тұрқы 101 – 126,
шоқтығының биіктігі 67 – 79 см. Текесінің
салмағы 22,0 – 41,0 ешкісінікі – 20 – 34 кг.
22-сабақ
Ұлттық қорықтар мен парктер
Ерекше қорғалатын аумақ — кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы əсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мұндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады.
Мемлекеттік табиғи қорық қоры- қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге жəне рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми жəне мəдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Олар Ақсу-Жабағылы, Алакөл, Алматы, Барсакелмес, Батыс Алтай, Қаратау, Қорғалжың, Марқакөл, Наурызым, Үстірт қорықтары. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га. Болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.
Қазақстандақазіргі уақытта 10ұлттық паркұйымдастырылған. Олар Шарын шатқалы, «Алтынемел», Баянауыл, «Бурабай», «Бұйратау», Жоңғар Алатауы, Катонқарағай, «Көкшетау», «Көлсай көлдері», Қарқаралы, Сайрам-Өгем, Шарын, Іле Алатауы ұлттық парктері. Қазақстан резерваттарының тізімі:
• «Ақжайық»
• «Ертіс орманы»
• «Семей орманы»