Page 34 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 34

4-МОДУЛЬ
 МƏДЕНИЕТ - АДАМЗАТ ƏЛЕМІНІҢ АЙНАСЫ 23-сабақ
Экологиялық мəдениет. Ұлттық экомəдениет.
 «Экология» термині грек тілінен «үй туралы» (қоршаған табиғи ілім деп аударылады да, ол табиғатты қорғаумен байланыстырылады. Ғылыми əдебиеттерде оған «табиғаттың тазалығын, сұлулығын сақтай, қорғай отырып, оны адам қажетіне ұқып-
ты пайдалану» деген анықтама беріледі.
Ал экологиялық мəдениетке осы тұрғыдан жауап іздестірсек,
онда: қоғам мен табиғаттың талаптарына адамзаттың білікті берген жауабы арқылы қалыптасатын, нəтижесінде адам мен табиғаттың арасындағы еркін (залал келтірмейтін) қатынастардан туындайтын мəдениет – экологиялық мəдениет деп сенімді түрде қорытынды жасауға болады.
Өйткені, «мəдениет дегеніміздің өзі – адамдардың өздерін қоршаған табиғи жəне əлеуметтік аяны өзгертіп, сол екі ортада өздерін де өзгерте білу қабілеті. Ендеше, əрбір мəдениет-дербестіктің ар жағында белгілі бір табиғи ортада тарихи қалыптасқан қауымның күн көрісіндегі тұрақтанған дəстүрлі қарекеттер болып табылады» (Ə.Кекілбаев, «Заманамен сұхбат»), немесе «Мəдениет – тіршілік ету күресі жолындағы еңбек- зейнеттен туған, табиғатпен, адами ортамен үйлесімді өмір сүре білу өнері, адамның əдет-ғұрыптар мен заңдарға сүйенген қоғамда қадірін түсірмей тұра білуі, қоғамның басқа қауымдармен қатар өмір сүре білуі. Мəдениет – ол тарихи тəжірибе айтып берген дағдылы машықтардың, рұқсат етулер мен тыйым салулардың тұтас бір жүйесі» (О.Сүлейменов, «Дүние», No2, 2003).
Тапсырмалар:
1. Төмендегі сөздердің шығу тегін түсіндіріңіздер.
Экология, экомəдениет, табиғат.
2. Қарамен белгіленген тіркестердің баламасын табыңыздар.
3. Табиғи орта, қалыптасқан қауым, үйлесімді өмір тіркестерін қатыстырып сөйлем құраңыздар. Жəне аталған сөздердің мағыналық мазмұнын түсіндіріп беріңіздер.
орта)





















































































   32   33   34   35   36