Page 35 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 35

24-сабақ
Сəн əлемі. Дизайн. Ұлттық киім. Ұлттық ою-өрнек.
 Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан байқазына. Қолөнерінің басты бір саласы — киімтігу. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, əрбір əшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі
бар. Ол - біздің ұлттық мəдениетіміз.
Қазақ оюы, қазақтың ою-өрнегі — үй-жиһаздарын, сəндік,
тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Жаппай дамыған кезеңінде (19 ғасырдан кейін) қазақтардың үй
 жиһаздарын əшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектерді, негізінен: зооморфтық, өсімдік сипатты, геометриялық, космогониялық түрлерге жіктеуге болады. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т.б. мүшесіне ұқсас ою-өрнектер халық арасына кең тараған. Мұндай ою- өрнек кебеже, жүкаяқ, əбдіре, асадал сияқты тұрмыстық бұйымдар əшекейінде жиі кездеседі. Аталған ою-өрнектер кебеже бүйірінде, көбінесе, тігінен бедерленіп, бос жерлерін толықтырған, ал төсектің жан ағашы белгілі бір ырғақпен түгел дерлік өрнектелген. Кейде оларды өсімдік сипатты өрнектермен сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құраған.
Тапсырмалар:
1. Қазақтың ұлттық ою-өрнегі неше түрге жіктеледі? Халық арасына кең тарағанына тоқталып сипаттама беріңіз.
2. Сөйлемдердегі ақпараттың дұрыс немесе қате екенін анықтаңыз.
Қазақ оюы, қазақтың ою-өрнегі — үй-жиһаздарын, сəндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді жыл мезгілдеріне байланысты жіктейтін құрылым. Жаппай дамыған кезеңінде (19 ғасырдан кейін) қазақтардың үй жиһаздарын əшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектерді, негізінен: зооморфтық, өсімдік сипатты, геометриялық, космогониялық түрлерге жіктеуге болады. Олардың ішінде адамның дене мүшелеріне, үй жануарларының төлдеріне ұқсас ою-өрнектер халық арасына кең тараған. Егіншілік - біздің ұлттық мəдениетіміз.
























































































   33   34   35   36   37