Page 37 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 37
25-сабақ
Сəулет жəне құрылыс өнері. Көне жəне заманауи ескерткіштер.
Ұлы Дала ғасырлар бойы жатжерлік басқыншылардың шайқас алаңы болып, ортағасырлық қалалар мен архитектуралық кешендердің қирауына ұласты. Солардың ішіндегі сақталғандары –Х. А. Яссауи кесенесі (XІV- ХV ғ.ғ.) (Түркістан қ.) ЮНЕСКО Бүкіл əлемдік тізіміне қосылды. ЮНЕСКО Бүкіл əлемдік ескерткіштер тізіміне Алматыдағы Свято- Вознесенский кафедральды шіркеуі де (1907) кірді. Əлемге əйгілі Республика Сарайы (Алматы, 1970, арх. Н. Рипинский жəне т.б.), «Медеу» кешені (1972, арх. В. Кацев, А. Қайнарбаев).
Тəуелсіздік жылдары Қазақстанда “архитектуралық ренессанс” басталды. (Астанада арх. К. Курокаваның бас жоспары бойынша /1934- 2007/, Жапония) ел Президентінің резиденциясы «Ақ Орда» (арх. К. Монтахаев /1950-2009/, ҚР); Жасыл-сулы бақжолы (К. Курокава), (Бейбітшілік пен келісім Сарайы («Пирамида», 2006) жəне «Хан Шатыр» орталығы (2010, арх. Н. Фостер, Англия); «Қазақстан» Орталық концерт залы (2009, арх. М. Николетти, Италия); «Нұр-Астана» мешіті (2005, арх. Ч. Хафиз, Ливан); Азиада -2011 бірнеше спорт кешендері тұрғызылды.
Тапсырмалар:
2.
3. Мəтін бойынша үш сұрақ құрастырыңдар.
1. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Сəулет өнерінің құндылығы неде?
2) Сəулет өнері ескерткіштері тарихтан қандай сыр шертеді деп ойлайсыз?
Айша бибі, Қожа Ахмет Яссауи, Бабаджа Қатын ескерткіштерінің
архитектуралық ерекшеліктерін сипаттау.
26-сабақ
Ғарыш əлемі. Ғарыш айлағы жəне ғарышкерлер
Ғарыш айлағы - ғарыштық ұшу аппараттарын құрастыру, дайындау, олардың ұшуын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, инженерлік қондырғылармен жəне радиотехникалық заттармен жабдықталған кешен, аумақ.Ғарыш алаңы — ғарыштық аппараттарды (ҒА) құрастыруға, сынауға жəне ұшыруға арналған ғимараттар мен техникалық құралдар орналасқан жер.