Page 39 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 39
Республикада көлік логистикасының міндеттеріне төмендегілерді жатқызуға болады:
• көлік жүйелерін, соның ішінде көлік дəліздерін жəне көлік тізбектерін құру:
• көліктік-қоймалық үдерістердің технологиялық біртұтастығын қамтамасыз ету:
• қоймалықпен жəне өндірістікпен бірге көлік үдерісін бірге жоспарлау;
• жеткізудің ұтымды бағыттарын белгілеу жəне т. б.
Көлік жүйесі жүк жəне жолаушыларды тасымалдауға қажеттілікті қанағаттандыруға арналған, ауыл шаруашылығының бірнеше салалары ретінде түсінілетін көлік кешенінің құрама бөлігі болып табылады. Кешенге орналастыру үрдісін жəне материалдық өндіріс саласы – «көлік өндірісін» қамтамасыз етуші, көліктік машина жасау, көлік құрылысы, тасымалдауды материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сол сияқты көлік мамандарын дайындау, жобалық жəне ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша мекемелер кіреді. Көлік жүйесі ауыл шаруашылығының тұтас саласы бойынша құрамына төрт элемент кіретін сала ретінде қарастырылады:
• барлық көлік түрлерінің жалпы жəне жалпы емес пайдаланудағы көлік жүйесі;
• жылжымалы көлік құралдары (оған деген меншік формасы болса да);
• көліктің еңбек қорлары;
• барлық деңгейдегі көлік жүйесін басқару жүйесі.
Лексикалық тапсырмалар:
1. Мəтінде қарамен белгіленген сөздердің синонимдерін тауып, синонимдік қатар құрыңдар.
2. «Көлік тасымалы» тақырыбына реферат жазыңдар.
3. Арнаулы сөздіктің көмегімен төмендегі сөздердің мағыналарын түсіндіріңдер.
Құбыр өткізгіш, су жəне əуе жолдары, стансалар, теңіз жəне өзен порттары, əуежайлар.
28-сабақ
Туризм индустриясы. Қонақ үй бизнесі.