Page 41 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 41
3. Атақты саяхатшыны таңдап, сол адаммен сұхбатқа дайындалыңыз.
29-сабақ
Халықаралық, мемлекеттік атаулы күн мерекелер. Ұлттық мейрамдар.
Мемлекеттік мейрам «Наурыз» сөзі парсының «ноу» - жаңа, «руз» -
күн деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Бұл мереке бірнеше мың жылдан бері аталып келеді. Қазақстан Наурызды
мемлекеттік мереке ретінде 1999 жылдан бастап атап өтіп келді. 2008 жылдың 25 маусымындағы «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, 2009 жылдан бастап 3 күн бойы атап өтіледі. Қазіргі кездегі Наурыз көне дəуірдегі дəстүрлер сабақтастығын сақтап қалған - ұлттық мəдениетті қалпына келтіруде бұл «уақыт байланысының», Қазақстан
тарихы мен қазіргі кезеңінің аса маңызды жалғастырушы буыны.
Тапсырмалар:
2. Берілген сөйлемдердің дұрыс немесе бұрыстығын “+” жəне “-” белгілерін қою арқылы анықтаңыз.
1. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Ұлыстың ұлы күні деген не?
2) Наурыз күні қандай дəстүр бар?
3) Қазақ халқы наурызды қалай қарсы алады?
4) Адамдар бір біріне қандай тілек айтады?
1. Наурыз мерекесін қыс ортасында тойлайды.
2. Наурыз тойында шырша орнатады.
3. Қыста табиғат оянады.