Page 42 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 42

 4. Наурыз айын адамдар көңілді қарсы алады.
 5. Наурыз көжені 6 түрлі азықтан жасайды.
 3. «Наурыз - жыл басы» тақырыбында шығарма жазыңыздар.
 30-сабақ
Мемлекеттік жəне халықаралық сыйлықтар мен степендиялар
Қазақстанда мемлекеттік сыйлық, степендия саны, тағайындау ережесі «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жүргізіледі. Жыл сайын Мемлекеттік сыйлық əр сала бойынша жеке- жеке тағайындалады:
 1) жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Қ.И.Сəтбаев атындағы бір сыйлық;
2) гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Ш.Ш.Уəлиханов атындағы бір сыйлық;
3) аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшiн А.И.Бараев атындағы (бірінші, екінші, үшінші) үш сыйлық;
4) педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуi мен жұмысы үшiн Ы.Алтынсарин атындағы бір сыйлық;
5) түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық;
6) əлеуметтік ғылымдары саласындағы үздiк жұмысы үшiн жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы бір сыйлық;
7) гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмысы үшiн жас ғалымдарға арналған М.О.Əуезов атындағы бір сыйлық тағайындалады.
Абай атындағы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы - Қазақстан Республикасының əдебиет саласындағы үздік шығармаларына екі жыл сайын берілетін мемлекеттік марапат. Сыйлық жалпы жұртшылық таныған, халыққа саналы тəрбие беруге жəрдемдесетін, неғұрлым талантты, жоғары идеялы, аса көрнекті əдеби туындыларға беріледі. Мемлекеттік сыйлық əдебиетті одан əрі дамыту, көрнекті шығармаларды кетермелеп отыру мақсатымен 1966 жылдан бастап жыл сайын беріліп келеді. Кейін 1971 жылғы 14 сəуірдегі қаулыға сəйкес бұған кейбір өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, əдебиет, енер жəне архитектура салалары бойынша мемлекеттік сыйлық екі жылда бір рет берілетін болды. Мемлекеттік сыйлық алған адамдарға «Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты»деген атақ беріліп, диплом жəне омырауға тағатын құрметті белгі қоса тапсырылады.
Тапсырмалар:




















































































   40   41   42   43   44