Page 40 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 40

 Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат жəне туризм нысандары болып табылған. 1929 жылы Алматы қаласында тұңғыш туристік жорық ұйымдастырылды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л.
 Савин басқарған 17 мектеп мұғалімдері қатысты. Жорық Алматы төңірегінен басталып Есік көлінде (62 км) аяқталды. 1930 жылы Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм жəне экскурсия қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерінен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу – Көкжайлау – Үлкен Алматы көлі жағалауына дейін барды. Туризмнің бұл түріне В.Зимин, А.Бергрин,
 Д.Литвинов, Х.Рахимов, Г.Белоглазов, т.б. көп үлес қосты.
Қазіргі кезде де туризм Қазақстанның бүкіл аумағында дамуда. Киелі орындарға саяхат ұйымдастыру баса назарға алынып отыр. Сонымен қатар, тарихи маңызы бар орындарға да сұраныс артуда. Мысалы, Түркістан – қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иасауи кесенесі салынған, кесене іші мен айналасына қазақ мемлекетінің негізін қалаған Тəуке, Тəуекел, Жəңгір, Есім, Абылай, Қазыбек би жерленген. Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т.б. ортағасырлық көне қалалар
туристер үшін тартымды нысандар.
Тапсырмалар:
1. Мəтін бойынша сұрақтар құрастырып, қасыңыздағы адаммен сұрақ-жауап ұйымдастырыңыз.
2. Берілген суреттер бойынша сөйлем құраңыз.
  


























































































   38   39   40   41   42