Page 63 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 63
Қазақ тілі пəні бойынша 0-дік бақылау тапсырмалары
1.Жақша ішіндегі сөздердің лайықтысын жазыңыз.
Жазда күн (қысқа, ұзақ) болады. Қыста күн (ыстық, суық) болады. (Қыста, жазда) дала, орман, үйлер ақ қар жамылады. (Жазда, күзде) аспанда күннің көзі жарқырайды.
2. Көп нүктенің орнына қажетті сөздер қойыңыз.
Ертең олар жатақханада ... . Қайрат демалыс күні саяжайға баратын ... . Əсем ауылына кеткен ... .
3. Мына сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
Кітапхана, сабақ, дəрігер, жексенбі, ауа, өсімдік, қазақ тілі, аудармашы.
4. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
Анау жиырма бесінші автобус па? Сіз қай жылы тудыңыз? Сіздің жолдасыңыз нешінші пəтерде тұрады?
5. Орыс тіліне аударыңыз.
Мұғалім сұраса, біз жауап береміз. Қазақ тілін үйрендік, енді ұмытып қалмауымыз керек. Жақсы сөйлей білу мəдениетіміздің жоғары екенін көрсетеді. Ауылдастарыңның жақсы ісін көргенде, көңілің көтеріліп, қуанасың.
6. Берілген сөздердің синонимдерін тауып, сөйлем құрап жазыңыздар. Отбасы, сыйлау, үлгі, тəрбие, туыс, достық, парыз, ел.
7. Төмендегі сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазыңыздар.
Келген/ Астанаға аралайды/ мəдени демалыс/ қонақтар/ орындарын. Əуежайға/ халықаралық/ Астанадағы/ елдің /көп/ қонады/ ұшақтары. Бүгін/ кешенінде/ біз/ «Атамекен»/ достарымызбен/ болдық.
8. Мына сөздердің антонимін табыңыз.
тез- жоғары- таяз- қара-
ежелгі- алыс- əдемі-
таза-