Page 65 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 65

 Қалпақ – ақ киізден немесе қалың матадан тігілген, биік төбелі ерлердің бас киімі. Бұл киім бірнеше сайдан (құрамнан) құралып, жиегі қайырмалы болады. Сайлары ұлттық ою-өрнектермен əшекейленіп, төбесіне салбырап тұратын шашақ тағылады. Мұны көбінесе белгілі,
 лауазымы биік адамдар киген.
Қамзол – əйелдердің жасына қарай қызыл, көк, жасыл, қара түсті
барқыт, шұға, мауыты т.б. маталардан əсем безендіріліп тігілетін киім. Жағалы, жиекті, жеңді немесе жеңсіз тігіледі. Өңіржиек, алқа, тұмарша, үкіаяқ т.б. алтын, күміс зергерлік бұйымдары тағылады, қапсырмалы, түймелі болады. Жағасына, етегіне зерлі оқалар, өрнектер жүргізіледі.
Жаулық – ақ матадан жасалатын əйелдердің ең негізгі бас киімі. Əз əжелерді, асыл аналарды ардақтап, ақ жаулықты дер атайды. Жаулық –
 қазақ əйелдерінің ары, ажары, беделі мен көркі. Арқа жерінде ардақты əжелер жоғары жəне төмен деп аталатын қос жаулық тартқан. Мұндай жаулықтар биік əрі көрнекті болғандықтан, əжелер мəртебесі мен ажарын көтере түседі. Ертеде мұндай жаулықтарды көбінесе бəйбішелер киген. Əжелер иығына асып тұратын кимешек те киеді. Оның алдыңғы жағы түрлі түсті ою-өрнекті болады.
Бөкебайды əйелдер өздерінше шаршылап , кейде үшбұрыштап, əр түрлі үлгіде із салып, ақ немесе күлгін түсті түбіттен тоқиды. Тоқудың да қарға тұяқ, ирек, айшық, құстаңдай, бұрама деген көптеген түрлері мен үлгілері болады. Жиегіне тоқу арқылы шашақ, емшек салып, селдіретіп те, жиілеп те, тығыздап та білтелеп тоқиды. Жаңа тоқыған бөкебайды жуып, керіп кептіріп, үлпілдетіп түбітін шығарғанда əрі жылы, əрі сəнді бағалы киім болып шығады.
Қазақша көйлек – əйелдер киімі. Түсі ашық жақсы маталардан тігіледі. Ертедегі көйлектер тік жағалы, жеңді əрі ұзын болған. Етегінен жоғары бір немесе екі қатар бүрмелеп қосымша маталар тігіледі. Мұндай көйлекті желбіршек көйлек немесе қос етек көйлек дейді. Көйлек – əйел қауымының «бұйрықты» киімі.
Белбеу – ерлер де, əйелдер де қалың киім сыртынан буынатын өте қымбат бағалы зергерлік бұйым. Ол бояулы былғарыдан жасалып, сырт жағынан алтын, күмістен жасалған бедерлі əшекейлермен қапталады. Ер адамдар белбеуі жалпақ етіп жасалады жəне оған оқшантай, дəндəку, пышақты қын қосылады. Бұл – кісе белбеу. Оны жез доғамен, кейде əдейі жасалатын ілгекпен буынады. Мұндай кіселердің бағасы кемінде бір жылқыға тең келеді.
Əйелдер белбеуі жұқа əрі жіңішке болса да, өте сəнді, жұмсақ болады. Ұзарып, қысқарып тұратын ілгектер арқылы буынады. Берік маталарды да бірнеше қабат орап, белбеу ретінде пайдаланады.
Жарғақ шалбар – ешкі терісінен тігілетін еркектер киімі. Ол əбден иленіп, қынамен, ешкі талдың қабығымен, жосамен боялып, алды жəне
























































































   63   64   65   66   67