Page 67 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 67

АҚШ-тағы бала тəрбиесі
АҚШ-та бала тəрбиесі «əрбір бала өз бетінше өмір сүріп үйрене алу керек» деген ұстанымға негізделген. Көбіне ата-аналар балаларының талап-тілегін бірінші орынға қояды. Жылдам орындауға тырысады. Ал бұзықтық жасаған балаларын екі түрлі тəсіл арқылы жазалайды. Біріншісі – ойыншықтарын алып қойып, теледидар көруден шектеу, екіншісі – орындыққа отырып өзінің қате жасаған іс-əрекеті жайында ойлану. Отбасында баланы ұру қатаң түрде заңмен қудаланады.
Қытайдағы бала тəрбиесі
Қытайлықтар балаларын кішкентайынан төзімді, сабырлы жəне қанағатшыл болуға тəрбиелейді. Аспан асты елінде тəрбиенің дəстүрлі стильдері еуропалық тəрбиеден мүлде өзгеше. Бала тəрбиесі мемлекеттік маңызы бар шаруа саналады. Қытайлықтар елде бала санына шектеу болғандықтан, жақсы тəрбие беруге тырысады. Дегенмен көп қытайлықтар отбасы жағдайларына байланысты балаларын ерте жастан-ақ бөбекжайларға береді.
Израильдегі бала тəрбиесі
Еврейлер отбасында бала тəрбиесі қатаң бақылауда болады. Тəрбие беруде өзіндік ұстанымдары да бар. Мəселен, баланың əлжуаз, көп шағым айтуына жол бермейді. Баланың көзінше ақша туралы сөйлеуге де болмайды. Себебі бала танымында маңызды дүние ақша қалыптасып, адамдық қасиеттерден алшақтай түседі деп топшылайды. Еврей отбасында жұбайлар бір біріне ерекше құрметпен қарайды. Ата-ана арасында сыйлы қатынас болса, бала өзін батыл сезінеді екен. Олар баланы үнемі мақтап жүреді. Бұл оның туыла салғанынан басталады. Тіпті, оның ең бірінші салған түкке тұрғысыз суреті үшін де мақтап отырады. Кез келген жетістігін барлық туыстарына, достарына хабарлайды.
Үндістандағы бала тəрбиесі
Үндістер балаларын қатаң ұстайды. Оларда ата-ана мен бала арасындағы достық қарым-қатынасты өте сирек кездестіресіз. Балалар кішкентай кезінен бастап ата-анасының таңдауына, қалауына мойынсұнып өседі. Сондықтан, ержеткенде немесе бойжеткенде əке- шешесі кімді қалайды, сол адаммен бас қосады.
Испаниядағы бала тəрбиесі
Испанияда баланы ешуақытта қараусыз қалдырмайды. Үйде жалғыз тастамайды. 12 жасқа дейін баланы мектепке ертіп апарып, ертіп алып қайтады. Баланың танымы кең болып, мансап жолында ірі жетістерге жету

























































































   65   66   67   68   69