Page 66 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 66

 балағының сыртқы жағы түрлі түсті жібек жіптермен айшықталып, ою- өрнектермен безендіріледі. Байлар, мырзалар, жас жігіттер сəндік үшін киген. Мұндай шалбарлар əдемі əрі жеңіл болады, бағалы киім қатарына жатады.
 Етік – былғарыдан, құрымнан тігілетін ерлер мен əйелдердің аяқ киімі. Түрлері: жым етік, қисық табан етік, шоңқайма етік. Мұны қыста да, жазда да киеді. Ерлерге арналған, қонышы тізеден асып қара санға дейін жететін етік жырым етік, ішіне байпақ салатын етікті байпақты етік дейді. Соңғы екі түрін еркектер қыста ғана киген. Соңғы екі түрін еркектер қыста ғана киген. Етікшілер мұндай етіктерді тарамыспен көктеп, ағаш шегемен шегелеп тігеді. Кейбір шеберлер сықырлап жүрсін деп етік ұлтанына тоз салады. Мұндай етікті сал, серілер мен бозбалалар
 киген.
Жапониядағы бала тəрбиесі
Жапондар бала тəрбиесіне баса мəн беретін ұлттың бірі. Олар «балаңды бес жасқа дейiн патшаңдай күт, он бес жасқа дейiн құлыңдай жұмса, ал он бестен кейiн досыңдай сырлас» деген тəрбие негізін берік ұстанады. Жапондар бала тəрбиелеуде «ұл», «қыз» деп бөлмейді. Екеуін де қазақ халқы сияқты еркелетіп өсіреді. Күншығыс елі мен қазақ халқының ұлттық тəрбиесіндегі бір ұқсастық - ер баланы ел қорғаны, қыз баланы келешек отбасы ұйытқысы болуға баулу. Қатаң қағидалар негiзiнде өскен жапон баласы он бес жастан кейiн тəртiптi, оң-солын таныған, жақсы мен жаманды айыра алатын толыққанды азамат саналады. “Патша” болып еркiн өскен бала 5-6 жасынан бастап, тастай темiр тəртiпке бағынатын “қиын” күндерге тап болады. Егер бұл тəртiпке бағынбаса, қатаң жазаланады. Жапон баласы үшiн ең үлкен жаза – жалғыз қалу. Отбасы мүшелерiнен бөлек бөлмеде жалғыз отырудан асқан азап болмайтынын сəби күнiнен санасына сiңiрген бала сол жазаға ұшырап қалмауға күш салады. Көпшiлiктен, қоғамнан тыс өмiр сүру түсiнiгi жапондардың ортасында кешiрiлмес күнəмен тең.
Кəрістердің бала тəрбиесі
Кəрістер балалардың өмірінің басталуын, оның бір жасқа толу жасын есептейді. Осы кезден бастап қана бала толыққанды адам болып есептеледі. Балалардың əрқайсысының бір жасқа толуын міндетті түрде атап өту керек, егер атап өтілмесе, онда ержеткенде баланың үйлену тойын, мерейтойын жəне т.б. тойларын атап өтуге болмайды. Сондықтан да ата-аналар балаларының бір жасын ерекше атап өтуге тырысады. Кəрістер үшін бала тəрбиесі - сөз бен істегі адалдық, мақсатқа жетудегі табандылық пен төзімділікке баулу.




























































































   64   65   66   67   68