Page 68 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 68

жолдарын кішкентайынан құлағына құйып өсіреді. Балаларын өзгелермен салыстыра қарамайды. Отбасын, ұлттық құндылықтар мен үлкендерді сыйлауға баулиды.
Швециядағы бала тəрбиесі
Швед отбасылары балаға сəби кезінен жеке тұлға ретінде қарап, еркін тəрбиелеуге тырысады. Балаларын ұрып-соғуға тыйым салынған. Тіпті оны қылмыс ретінде санайды. Сондықтан, əрбір шведтік бала əке- шешесі өзіне қол жұмсаса, полицияға хабарлауға құқылы. Мұндай кезде ата-аналарға əкімшілік тарапынан жаза қолданылады.
Германиядағы бала тəрбиесі
Германия – тəртіптің елі. Бала тəрбиесінде де бірінші орынға тəртіпті қояды. Ал ата-аналар үшін басты орында – жауапкершілік. Қазіргі таңда Германия бала туу көрсеткіші бойынша құлдырап бара жатқан елдердің бірі. Себебі жастар көбіне мансап қуып, 30-дан аса, 40 жасқа таяғанда үйленеді. Сондай-ақ бірнеше баламен шектелуді жөн санайды. Бүгінде бұл процессті жою мақсатында мемлекет түрлі жобаларды қолға алуда.
https://massaget.kz/kyizdarga/shayra/38693/
Барри Маршалл
1984 жылы австралиялық дəрігер Helicobacter pylori бактериясының дақылы асқазан жарасын тудыратынын дəлелдеу үшін оны ішіп қояды. Маршалл асқазан жарасының барлық белгілеріне ие болады. Сонымен қатар медицина мен физиология саласындағы Нобель жүлдесін де алады.
Вернер Форсман
1929 жылы неміс дəрігері Вернер Форсман өз жүрегіне катетер салады. Осылайша ол басқа дəрігерлер адам өлтіретін əдіс деп санап жүрген тəсілді тəжірибеден өткізеді. Бірнеше жылдан кейін ол медицина мен физиология саласындағы Нобель жүлдесіне ие болады.
Стаббинс Фирс
1804 жылы медик Сиаббинс Фирс сары безгек – инфекциялық ауру емес екендігін дəлелдемек болып, өз пациенттерінің құсығын ішеді. Сонымен қатар оны қолдың сырылған жерлеріне жағып, көзіне тамызған.
Тур Хейердал
1947 жылы бес саяхатшыдан тұратын топпен бальстық сал арқылы Тынық мұхитына саяхат жасайды. Мақсаты – ежелгі адамдар да осылай
 




















































































   66   67   68   69   70