Page 70 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 70
• • • • • • • •
•
• •
нағыз киборгке айналады. Оған бұл үшін күрделі электроника, хирургтың көмегі мен ержүректілік қажет болады: өз жүйке жүйесін нейрондық интерфейспен біріктіруге əркім бара бермейді. Осы арқылы Уорик өз эмоциясын екінші киборг – əйеліне жеткізбек болған.
http://bilim-all.kz/article/2815
ХХІ ғасыр
ХХІ ғасыр – жаңа технологияның, ғылым-білімнің ғасыры. Мұны мойындамасқа шара жоқ. Əрбір əрекет, əрбір жұмыс бір ғана батырманы басу арқылы іске асатын заманға да жақындап келе жатырмыз. Аз ғана үзіліс жасап, осыған дейін қолданысқа енген жаңа технологияларға тоқталып көрейік:
2006 жылы Қытайда 398 миллион мобильді телефон қолданыста болған. Қазір мұнан 3-4 есе көп телефон бар.
Foxconn зауытында iPhone 4-ті өндіруге бар болғаны 5 секунд кетеді
екен.
Мобильді байланыс операторы SMS арқылы əрбір минут сайын 812 000 $ ақша табады.
Қазіргі таңда ғаламшарымызда 4 миллиардтан астам адам ұялы телефон қолданады.
Компакт-дискілер ортасынан соңына қарай оқылады, бірақ, соңынан ортасына қарай жазылады.
Ғаламтордағы ең танымал тілдер – ағылшын тілі, жапон тілі жəне испан тілі.
Оңтүстік Кореядағы үйсіз əрбір төртінші адамның кредиттік картасы
бар.
Білесіз бе, «Bluetooth» сөзін ағылшын тілінен аударғанда «көк тіс» деген мағынаны береді. Бұл атау Х ғасырда Данияны жəне Норвегияның жартысын билеген І Харольда Синезубой патшаның құрметіне берілген.
«SMS» (Short Message Service) сөзін ағылшын тілінен аударғанда қысқа хабарламалар қызметі деген мағынаны білдіреді. «SMS» келгенде Nokia телефоннан шығатын дыбыс Морзенің коды саналады екен.
«@» нышаны жаңа технология үшін ойлап табылмаған. Бұл таңба қайта өрлеу дəуірі кезінде салмақ өлшемін көрсету үшін қолданылған.
Метрополитеннің басқа елдерде жерасты темір жолы атану себебін білесіз бе? Бұл сөз «Metropolitan Railways» (ағыл. «Астаналық темір жолдар») компаниясына байланысты шыққан. Бұл компания метроның ең алғашқы линиясын жасаған.
http://old.el.kz/blogs/entry/