Page 71 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 71
Денсаулық туралы қызықты деректер:
1. Адам көрген түстерінің 90 пайызын ұмытып қалады.
2. Күзбен салыстырғанда, көктемде тыныс алу жиілігі үштен бір есе жиірек.
3. Адам тəніндегі жылудың 80 пайызы бастан шығады.
4. 4 жасар бала күніне орта есеппен 450 сұрақ қояды.
5. Дене салмағының 1 пайызына тең су жоғалтқанда, адамда шөлдеу сезімі пайда болады. Бұл көрсеткіш 5 пайыздан асса, талып қалуы, ал 10 пайыздан асса, өліп қалуы мүмкін.
6. Сіз қызарған кезде асқазаныңыз да қызарады.
7. Адам — шалқасынан жатып ұйықтайтын жалғыз тіршілік иесі.
8. Адам миының сыйымдылығы 4 терабайттан артық.
https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/35390/
Le Procope мейрамханасы, Париж қаласы
Бұл гастрономиялық мекеме 1686 жылы Париж қаласында ашылған болатын. Оның тарихы өте қызық! Білесіздер ме, аталған мейрамханаға жүз жылға уақыт əйел затына кіруге тыйым салынып келген. Мұнда атағы жер жарған бүлікшілер мен зияткерлер жиналатын болған. Дəл осы ғимаратта атақты Вольтердің өзі бір күнде 40 шыныаяқ кофе ішкен екен. Ал жас лейтенант Бонапарт бір кездері осында кепілдікке өз қалпағын тастаған көрінеді.
Sobrino de Botin мейрамханасы, Мадрид қаласы
Атақты мадридтік таверна Sobrino de Botin 1725 жылы бой көтерді. Дəл осы кезеңде мұнда əлі күнге дейін пайдаланылып келе жатқан алып тас пеш салынған болатын. XVIII ғасырдың 60 жылдарында осында ұлы суретші Франсиско Гойя даяшы болып жұмыс істеген. XX ғасырдың орта тұсында осында қонақта Эрнест Хемингуэй болған. Ол өзінің «Күн де туады» атты романында осы мейрамхананың есімін мəңгі өлместей етіп жазып кетті.
Restaurant Café Landtmann, Вена қаласы
Вендік мейрамхана өзінің ең алғашқы келушілерін 1873 жылы қабылдады. Сол мезеттен бері мейрамхана əлі өзгермеген: жарқыраған хрусталь мен мыс...қошқыл ағаш...салтанатты шымылдық... XIX ғасырдан бері ғимарат талғампаз тобыр мен шығармашылық пен саясаттың беделді тұлғаларын өзіне қонақ етуден шаршаған емес.
Rules мейрамханасы, Лондон