Page 72 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 72
Британдықтардың астанасында орналасқан бұл көне мейрамхана 1798 жылы тұрғызылған Бір кездері осы ғимаратта VII Эдуард пен Виктория ханшайымның ұлына арналып ас берілетін болған. Атақты Чарльз Диккенс пен барлаушы Грэм Гриннің тамақтанатын орындары əлі күнге дейін туристердің назарын аударып келеді.
Hostaria dellOrso мейрамханасы, Рим
Италияның астанасындағы ең көрікті мекемелердің бірі - Hostaria dellOrso мейрамханасы сонау XIII ғасырда соғылған ғимаратта орналастырылған. Аңыздарға сүйенер болсақ, дəл осы ғимаратта Данте Алигьери, қатыгез Рим папасы Бонифаций, ұлы жазушы Франсуа Рабле жəне философ Мишель Монтень жиі тамақтанатын болған екен.
Fraunces Tavern тавернасы, Нью-Йорк
Бұл тавернаның ерекшелігі мынада: 1783 жылы желтоқсан айының төртінші жұлдызында генерал Джордж Вашингтон осы ғимараттың қабырғасында қанды соғыстың мəресіне жетіп, елдің тəуелсіздік алу мерекесінің құрметіне байланысты өзінің сарбаздарына арнап соңғы сөзін сөйлеген. Манхэттенде орналасқан мейрамхана тұрғындар үшін ең көне ғимарат ретінде бағалы жəне олар əлі күнге дейін ғимаратты көздерінің қарашығындай сақтап келеді. Мұнда 1775-1783 жылдардағы соғыстың құрметіне арналған мұражай салынған.
https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/2503/
Тіл мəселесі
Мексика елінің кей тұрғындары сөйлейтін тіл жойылу қаупінде тұр. Себебі ол тілде сөйлейтін екі адам бірі-бірімен сөйлесуден бас тартқан.
Солтүстік Испания мен Оңтүстік Франция облыстарының тұрғындары ешқандай тілдік семьяға жатпайтын еуропалық тілде сөйлейді.
Оңтүстік Африка Республикасында 11 ресми тіл бар. Бұл əлемде тіркелген ең көп тілге жатады.
Дағыстан елінің таулы аймағына өмір сүретін Арчи жұртының əр етістігі 1,5 миллион рет жіктелетін тілде сөйлейді.
Испания құрамына кіретін Канар аралдарының сөйлеу тілі толығымен ысқырықтан тұрады.
Дүние жүзінде жалпы саны 7000 тіл бар. Мамандардың айтуынша, олардың 2400-і жойылып кетеді.
Статистика бойынша əр 14 күнде бір тіл өмір сүруін тоқтатады екен. Папуа мемлекеті (Жаңа Гвинея аралы) 840 тілде сөйлейді. Бұл жердегі тілдердің 1/7 бөлігін алады.