Page 73 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 73
Француз тілінде [0] дыбысын 13 түрлі тəсілмен жазуға болады.
Лингвистика профессоры Марк Окранд «Жұлдызды жол» (Звёздный путь) киносына арнап тіл ойлап тапқан. Ол өзінің 3 жастағы баласына осы тілді үйретеді, алайда бала ер жеткен соң тілді ұмытып қалған.
Фриз тілі – 400 мың халқы бар, нидерландықтар сөйлейтін ресми тіл. Ол ағылшын тілінде сөйлейтін адамдарға үйренуге ең жеңіл тіл болып саналады.
Бугенвил аралын мекендейтін 4 мың адам ротокас тілінде сөйлейді. Ротокас тілі 11 əріптен тұрады. Бұл əлемдегі ең қысқа əліпби болып есептеледі.
Ең ұзақ əліпби 72 əріптен құралған. Ол – кхмерс тілі. Оны Камбоджа мемлекетінің басым көпшілігі пайдаланады.
Қытай тілінде шамамен 50 мыңнан астам иероглиф бар. Газет- журналды еркін оқи алу үшін кемінде 2000-нан аса иероглиф білу керек.
https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/syrly-alem/20498/
Əлемде біз білмейтін миллиондаған жануарлар барын білесіз бе? Дүниежүзілік табиғатты қорғау одағының зерттеуі бойынша бұл жануарлардың 40% 2006 жылдан бастап жойыла бастаған.
Жираф Ротшильд
Ротшильд жирафы əлемдегі ең ұзын жануар болып табылады. Табиғатта бұл жануардың 700 жеке тұлғасы бар. Ол өзінің ерекше əдемі түрімен бірден көзге түседі. Кения жəне Уганда қорықтарында өмір сүреді. Биіктігі бес жарым метрді құрайды. Салмағы шамамен екі тонна құрайтын ұрғашылары төмен болып келеді. Бір қызығы, Ротшильдтің
басында 2 мүйізі болады.
Ұшатын ақ тышқандар
Үлпілдек ақ тышқандар Орталық Американың шатыр тəрізді геликон жапырақтарында өмір сүреді. Олар жеміс-жидекпен қоректеніп, бойлары тек 4,7 см-ге дейін ғана өседі.
Брима маймылы
Əлемдегі сирек кездесетін жануарлардың бірі 2010 жылы Бирманың таулы аймағынан табылған. Бұл маймылдың өзгелерден бір ерекшелігі –
жаңбыр жауған кезде түшкіреді.
http://zhasatyrau.kz/poleznye-sovety/alemdegi-siz-bilmeitin- zhanuarlar1.html