Page 69 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 69
істей алғанын дəлелдеу болған. Зерттеушілер 101 күнде 8000 км-ді бағындырған.
Тихо Браге
1559 жылы дат астрономы қатысқан математикалық тақырыптағы пікірталастың арты ұрысқа айналады. Соңында Браге қарсыласын дуэльге шақырады. Ғалым фехтованияға математикадағы сияқты шебер емес еді – қарсыласы мұрнының ұшін кесіп алады.
Август Бир
1898 жылы неміс хирургы тұңғыш рет пациентті медикаментозбен ұйықтатуды қажет етпейтін анестезия техникасының дамыған түрін пайдаланды. Ол жұлынды қоршап тұратын торлы қабық астылық кеңістікке кокаин енгізу, сезімталдықты хирургиялық ота жасауға болатындай төмендетеді деп болжайды. Осы əсерді тəжірибеден өткізу үшін Бир өзіне бірнеше қатал тəсілдерді қолданады, оның ішінде асықты жілігін металл балғамен ұру, шылыммен күйдіру жəне атабезге əсер ету.
Генри Хэд
Генри Хэд жүйкенің қалай жұмыс істейтінін білу үшін өз жүйкесін кеседі. 1903 пен 1907 жылдар аралығында ол өз қолында ұзақ уақыт 167 тəжірибе жүргізген. Бұл жұмыс Хэдке батыр атағы мен Нобель жүлдесін əкелді.
Джордж Стрэттон
1897 жылы америкалық психолог сегіз күн бойы суреттерді ауыстырып отыратын көзілдірік киіп жүрген. Ол осылайша мидың бұған қалай бейімделетінін бейімделетінін тексермек болған. Төңкерілген, оң мен солы ауысқан əлемдегі төрт күннен кейін Стрэттон өзін жайсыз сезіне бастайды, ол абдырап, əлемнен алшақтай бастайды. Алайда бесінші күннен бастап миы ақырындап соған үйрене бастайды, осылайша тəжірибенің соңында ғалым «төңкерілген» кеңістікте өзін еркін сезінеді. Көзілдірігін шешкенде, біраз уақытқа дейін оң мен солды айыра алмай жүреді, əлем оған төңкеріліп кеткен сияқты көрінеді. Алайда біраз уақыттан кейін бас ауруы артта қалады, Стрэттон ғылыми қауымдастыққа өзгерген жағдайдың итермелеуінен біздің сезімдеріміз «төңкерілген» əлемді өмір сүретіндей етіп бейімделе бастайды дəлелдейді.
Элси Виддоусон
Екінші Дүниежүзілік соғыс басталғанда, Ұлыбританияның бейбіт тұрғындары бірнеше тілім нан алатын. Алайда бұл оларға жетіспейтін. Адамның минималды қажеттілігін қамтуға қанша мөлшерде тағам керегін анықтау үшін, химик əрі диетолог Элси Виддоусон əскери уақытқа қажетті минималды рационды жасап шығару үшін ашығуға бекінеді.
Кевин Уорик
Ең алдымен британ ғалым-кибернетигі компьютермен байланыс орнату үшін, жарықты қосып-сөндіру үшін, электронды қамалдарды ашып-жабу үшін терісінің астына RFID-чип салады. 2002 жылы Уорик