Page 42 - <4D6963726F736F667420576F7264202D203FE4B3F1F2E5ECE5EBB3EA203F3FF0E0EBFB20D13FE9EBE5F320EC3FE4E5EDE8E5F2B3202D3F3FE4E5EBE3E5ED>
P. 42
2.Ағартушылық ,педагогтік қызыметінде әдеби тілді қалыптастыруды
практикалық істер арқылы жүзеге асырады.
Ы.Алтынсарин әңгімелері тілінің жеңілдігі, оқушы ойына қонымдылығы жағынан
ғана емес, сюжетінің де есте қаларлықтайғеліте тыңдарлықтай болып әрі
қызықты,әрі ұғымға қонымды, қарапайым болып келеді. Сондықтан ол туындылар
жасқа да , кәрігеде ортақ. Қорыта келе менің ойыммен ( Мәтін бойынша
қорытынды ойды өзін жаз ) Ы.Алтынсарин...
Ы.Алтынсариннің Қазақ әдіби тілінің дамуындағы
Тапсырма рөлі жөнінде тірек сызба құрастыр.
Тапсырма. «Ы.Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәңі»
тақырыбында ой толғау жаз
34-сабақ Тіл байлығы – мазмұн байлығы
Жазушының тілі шұрайлы, сөздік қоры мол болуы керек. Бұл – қалам иесіне
қойылар бұлжымас талап. Тіл байлығы сөз өнеріндегі мазмұн байлығына әкеледі.
Ал халыққа қажет шығарма – мазмұнды шығарма. Жазушының тілі бай болуға тиіс
дегенде: ол өзінің сөз қорын молайту үшін ылғи ғана тыңнан сөз жасасын деп
ешкім де айтпайды және әрқашан олай ету мүмкін де емес. Жазушы өзінің сөз
қорын молықтыру үшін жалпы халықтық тілдің телегей-теңіз бай қазынасын,
мүмкіндігінше, молырақ игеруі, оның қилы-қилы қиын әрі қызық құбылыстарын
жете түсінуі, әр сөздің мәні мен мағынасындағы ұланғайыр өзгерулер мен
өңденулерді, ауысулар мен алмасуларды, құбылулар мен құлпыруларды дәл
аңғара білуі қажет. Сонда ғана жазушы «өзінің сөз қорын мейлінше байытып, әркім
бір қолданып әбден ығыр қылған арзан сөздерге жоламайтын болады»
(Беранже).
Міне ,қызық!
Қан – сөзінін бір әріпін өзгерту арқылы жаңа сөз жасап , көрейік. Мысалы: Қ-
нының орнына С әріпін жазып көр . Сан, Н, нан, Ж -, жан
Соңғы әріпін өзгертіп көр. Мысалы: қақ, қат, қап, қас,қал,қар т.б
Ортасындағы әріпті өзгертіп көр. Мысалы : қон
Бал- сөзіне Сал, дал, мал, қал т.б
Соңғы әріпін өзгертіп көр. Мысалы: бар, бас, бат,бақ,бапт.б
Ортасындағы әріпті өзгертіп көр. Мысалы : бол
Осы үлгімен өзің бірнеше сөзжасап көр.
40

