Page 103 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 103
Зат молекуладан тұрады. Мысалы, су судың молекуласын ан ,
қант қанттың молекуласынан, біз тыныс алып жүрген ауа – оттегі,
көмірқыш қыл газы және азот молекулаларынан тұрады.
Егер де зат молекуладан тұратын болса, молекула өте ұсақ
бөлшектерден құралған. Ондай бөлшектерді атом дейміз. Атом –
молекуланың ұсақ бөлшектері. Мысалы, оттегінің молекул асы
оттегінің екі атомынан тұрады. Көмірқышқыл газының молекула-
сы көміртегінің бір атомы және оттегінің екі атомынан құралған.
Судың молекуласы сутегінің екі атомы және оттегінің бір атомын ан
түзіліп, бір-бірімен химиялық байланыс арқылы бірігеді (45-сурет).
Оттегінің молекуласы Көмірқыш қыл газының Судың молекуласы
молекуласы
45-сурет. Молекуланың модельдері
Дәптерге оттегінің, көмірқы шқыл газыны ң және судың молекулалары н ы ң
моделін салыңдар. Нұсқар арқылы көміртегі атомы мен оттегі атомы н
көмірқы шқыл газыны ң молекуласынан, сутегі атомы мен оттегі атомы н
судың молекуласынан көрсетіңдер.
Табиғаттағы ең ірі молекула адам денесінде кездесетін – хромос о м а.
Оның құрамын да 10 миллиардқа жуық атом бар. Ересек адамда шамаме н
7 000 000 000 000 000 000 000 000 000 (7 октиллион) атом бар.
Атомның түрі қандай? Молекулаға қарағанда атомның құрамы
және құрылысы күрделі. Атомның құрамын сызба арқылы көрсете
аламыз (46-сурет).