Page 107 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 107
сутегінің 22 атомы және оттегінің 11 атомы бар.
8-кесте
Заттардың жіктелуі
Заттар
Қарапайым Күрделі
Бір түрдегі атомдардан құралған Әртүрлі атомдардан құралған
Басқа затқа айналғанда ыдырамайды Басқа түрге айналғанда ыдырайды
Оттегі, сутегі, күкірт, темір және т.б. Су, ас тұзы, көмірқыш қыл газы, са-
хароза және т.б.
8-кестеден көріп отырғандай, күрделі заттар басқа түрге
айналғанда ыдырайды екен. Мысалы, мұзды еріткенде және суды
3000°С дейін қыздыратын болсақ, оның молекуласы сутегі және
оттегіне ыдырайды (48-сурет).
Химиялық символдар. Химиялық таңбалар (символдар) –
химиялық элементтердің қысқартылған әріптері. Олар латын
әліпбиінің бір немесе екі әрпімен белгіленеді. «C» – көмірт егін
білдіреді (carboneum), «Al» – алюминий (alum inium ).
Химиялық таңба химиялық элементтің бір атомын көрсетеді. 9-
кестеде бізге таныс элементтердің атаулары және таңбала ры
көрсетілген.
48-сурет. Су молекуласы ның сутегі және оттегіне ыдырауы