Page 111 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 111
Заттардың қасиеті Қайнау Балқу
Свойство веществ Кипение Плавление
Property of substances Boiling Melting
Заттардың қандай қасиеттері бар екенін естеріңе түсіріңд ер.
Заттардың агрегаттық күйін атап шығыңдар. Заттардың ең маңыз-
ды физикалық қасиеттерінің бірі – балқу және қайнау темпер ату-
расы. Балқу және қайнау кезінде заттың тек қана қасиеті өзгереді,
басқа зат пайда болмайды.
Заттардың қайнауы. Қайнау – белгілі бір температура жағда-
йында сұйықтың көпіршіктеніп су буларын шығаруы.
Сұйық денені қыздырғанда оның ішкі энергиясы жоғарылап,
молекулалардың қозғалыс жылдамдығы артады.