Page 114 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 114
Заттардың балқу үдерісіне мысал ретінде қарды аламыз. Қар –
мұздың ұсақ кристалдары. 0°С температурада қар біртіндеп ери
бастайды және сұйыққа айналады. Бұл үдеріс қар толығым ен
ерігенше жүреді. Бұл үдерісті балқу (еру) дейміз.
Кез келген қатты (кристалды) дене/зат белгілі бір температу -
рада балқиды (11-кесте). Балқу кезінде дененің және пайда болған
сұйықтың температурасы бірдей болады. Тұрақты темпера тура
дене/зат толық балқып болғанш а ғана сақталады. Балқыған денен і
суытатын болсақ, ол кристаландана бастайды.
11-кесте
Заттардың балқу температурасы
№ Зат Балқу температурасы, °С
1 Мұз, қар 0
2 Алюмини й 660
3 Алтын 1064
4 Темір 1539
5 Вольфрам 3560
Қалай ойлайсыңдар, кристалдан ған балды сапасын жоғалтпай сұйық
күйге қалай айналдыруға болады? Ойланы п, өз ұсыныстары ңды айты ң -
дар. Топ арасында талқылап, ең мықты деген шешімді дәптерлер ің е
жазып алыңдар.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Сұйықтың қайнау кезеңін атаңдар?
2. Қалай ойлайсыңдар, неге Тефаль шәйнегі суды тез қайнатады?
3. Алюмини й қасықта темір сынығын балқытуға бола ма? Жауабың ды
дәлелдеп, түсіндіріп бер.
4. Оқ-дәрі газының жану температурасы – 3500 градус. Олай болса, неге
мылты қ ұңғысы балқып кетпейді?