Page 117 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 117
Көбінесе құрылысы және құрамы сияқты негізгі көрсеткішіне бай-
ланысты жіктейді.
Құрамына қарай химиялық заттар екі үлкен топқа бөлінеді :
органикалық және бейорганикалық (53-сурет).
53-сурет. Заттардың құрамына қарай жіктелуі
Органикалық заттар. Органика сөзі организм (ағза) деген
сөзден шыққан, яғни тірі деген мағынаны білдіреді. Бірн еш е
жүзжылдық бұрын органикалық заттар тек қана өсімдіктер мен
жануарларда кездеседі деген түсінік қалыптасқан болатын. Қазір гі
таңда олардың тірі табиғаттан тыс аймақтарда да кездесетін і
анықталды. Мысалы, пластмасса, желім, бояу, синтетикалық
талшық және тағы басқа көптеген заттар.
Органикалық заттар – құрамында көміртегі кездесетін
химиялық қосылыс. Олардың атомы бір-бірімен қосылып, әртүрлі
тізбек немесе шеңбер түзеді.
С С С С С
С
Химиялық заттардың 90%-дан астамы органикалық заттар,
олардың саны ондаған миллионға жетеді. Сондықтан да оларды
оқып-үйрену үшін химия ғылымында жеке органикалық химия
деген бөлім бар.