Page 113 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 113

Сұйық  қайнап  жатқан  температураны  қайнау температурасы
        деп  атаймыз.  Қайнау  температурасы  барлық  заттарда  бірдей
        болмайды  (10-кесте).

                                                                                10-кесте
                            Кейбір  заттардың  қайнау  температурасы

                №         Заттың  атауы                Қайнау  температурасы,  °С
                1              Сүт                                100
                2             Темір                              2750
                3             Оттегі                             –183
                4              Мыс                               2567

                 1. Кестеге  қорытынды  жасап,  өз  қорытындыңды  басқа  топтағы  оқуш ы -
                 лармен  талқы лап,  бағалаңдар.
                 2. Бірнеше  топқа  бөлініңдер.  Бірдей  көлемдегі  ыдыста  суды  тез  қайн а -
                 тудың  тәсілін  ұсыныңдар.  Ұсынысыңды  түсіндіріп  бер.  Орындалған  жұ-
                 мысты  бағалаңдар.
            Заттардың балқуы. Қатты  денені  қыздырған  кезде  молекула -
        лардың  тербелісі  үдей  түседі  және  олар  бастапқы  күйіне  қайтып
        келе  алмайды.  Бұл  үдеріс  болған  жағдайда  қатты  дене  балқы п,
        сұйық  денеге  айналады.















           52-сурет.  Заттардың  сұйық  күйден
         қатты  күйге  айналуы  және  керісінш е
   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118