Page 119 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 119
Органикалық заттарға қарағанда бейорганикалық заттард ың
саны аз.
Су (Н О) – Жерде және тірі ағзалардың жасушасында ең көп
2
тараған бейорганикалық зат. Орташа есеппен алатын болсақ, ере-
сек адам денесінің 66%-ы, сүйектің – 20%-ы, бауырдың – 70%-ы,
мидың – 86%-ы су. Ағза үшін судың маңызы өте жоғары. Су зат-
тарды ерітіп, оларды ағза бойымен тасымалдайды және ағзан ың
өміршеңдігінде көптеген үдерістерге қатынасады.
Табиғат және адам үшін минералды тұздардың да рөлі орасан
зор. Олар еріген және ерімеген күйде кездесе береді. Кальц и й,
калий, натрий, фосфор, күкірт, хлор, магний, темір, йод, фтор,
кобальт және марганецтің минералды тұздары адам денесін ің
мүшелерінде және барлық ұлпаның құрамында кездеседі. Шама мен
дене салмағының 5%-ын құрайды. Біздің ағзамыз үнемі минералды
тұздарды қажет- сінеді және ол әртүрлі тағамдар арқылы қалп ын а
келіп отырады.
Барлық органикалық және бейорганикалық заттар табиғат және
адам үшін өте маңызды. Адамзаттың болашағы үшін маңызы зор.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Негізгі ұғымдарға анықтама беріңдер: органикалы қ және бейор
ганикалы қ заттар. Олардың бір-бірінен қандай айырмаш ы лы ғы бар?
2. Неге суды тіршілік көзі дейді? Дәлелдеңдер және мысал келтіріңдер.
3. «Органикалық заттар химиясы н оқып-үйрену табиғат туралы бі-
ліміңді кеңейтеді» дегенді қалай түсіндірер едің? Өз ойыңды сынып -
тастары ңмен бөліс. Жауаптарыңды бағалаңдар.