Page 250 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 250
біраз жылдан кейін батпаққа айналады. Біраз уақыттан кейін
батпақтың айналасына ағаштар өсіп, біртіндеп орманға ауысады.
Осылай экожүйенің өсімдік және жануарлар түрі толығым ен
өзгереді. Бұрынғы көлдің орнында орман экожүйесі пайда болады
(146-сурет).
146-сурет. Көлдегі өсімдік бірлестігінің ауысымы
Өрттен және заңсыз кесілгеннен кейін, Солтүстік Қазақстан
және Ертіс өзені аңғарының қарағайлы орманы қалай қалпына
келуде? Өрттен немесе ағаш жаппай кесілгеннен кейін, орман н ың
өз-өзін қалпына келтіруі ұзақ уақытты қажет етеді. Алғаш ы н да
күнсүйгіш шөптесін өсімдіктер пайда болады. Оның артын ш а
күнсүйгіш ағаштар өсе бастайды. Осыдан кейін барып қарағай лар
шыға бастайды. Бұрынғы қалпына келуі үшін шамамен 150–200
жыл уақыт керек (147-сурет).
Экожүйенің солтүстіктен оңтүстікке ауысымы. Температура,
жауын-ш ашын, ылғалдану, топырақ және басқа факторлардың өз-
геруінен өсімдіктер бірлестігі пайда болып, нақты табиғат зонасын
қалыптастырады (148-сурет).