Page 247 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 247
Продуценттер, консументтер және редуценттердің Күн энерги я-
сын түрлендіруі, жинақтауы және қайта үлестіруі – экожүйеде гі
заттар айналымының негізі болып есептелінеді. Экожүйедегі энер-
гияны үлестіру бағыты автотрофтардан (өсімдіктер) редуценттер ге
қарай жүреді. Алғашқы автотроф → продуценттер → консументтер
→ редуценттер (144-сурет).
Продуценттер Консументтер Консументтер Консументтер
1-қатардағы 2-қатардағы 3-қатардағы
→
→ → →
Өсімдіктер Шөппен қорек- Жыртқыш - Жыртқыш -
тенетіндер тар тар
↓ ↓ ↓ ↓
Редуценттер
144-сурет. Экожүйедегі заттар және энергия ағыны
(→, ↓ – заттар және энергия ағыны)
Не себепті заттар мен энергия ағыны редуценттерге өсімдіктерден, шөп
жейтін жануарлардан және жыртқыш тардан; жыртқы штарға шөп
жейтіндерден келеді? Не себепті 1-қатардағы консументтерге 3-
қатардағы консументтерден энергия тікелей келмейді? Жауаптар ы ң д ы
топ арасында талқылаңдар және бір-біріңн ің жауаптары ңды бағалаңдар.
Экологиялық пирамида. Бір қоректік деңгейден екінші қорек-
тік деңгейге өткен кездегі (жоғары деңгей) энергия мөлшерін ің
азаюы, қоректік деңгейлердің санына және жыртқыш пен жемтік-
тің қатынасына байланысты. Бұл заңдылық, ағзалардың әрбір
қоректік деңгейде қорегінің бар-жоғы 10% энергиясын тұтын уын а
байланысты қалыптасқан. Қалған энергия (90%) тыныс алуға,
қозғалысқа жұмсалады және жылу ретінде шашырап кетеді. Гра-
фика түрінде берілген бұл құбылысты – экологиялық пирамида деп
атайды (145-сурет).